Қазақстанда дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жоқ. Бірнеше күн ішінде тұрғындар парацетамол, аспирин және арбидолдың қорын сатып алған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Провизорлар мұны елде карантин қайта күшейтілсе, азаматтар дәрісіз қалып қоюдан қорқып жасап жатыр деп түсіндірді. Оның үстіне дәрігерлер симптомсыз науқастарға осы дәрілерді ішуге кеңес берді. Сондықтан қазақстандықтар үйдегі дәріханасын толтыруға асыққан.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанның бас дәрігері Сәуле Қисықова симптомсыз науқастарға үйде парацетамол және аспиринмен емделу керек дегеннен кейін қазақстандықтар жаппай дәрі сатып алуға кірісті.