Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.

Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты. Айта кетері, 2020 жылы Айжан Есмағамбетова алты айдай осы қызметті атқарған. Сол кезде ол Жандарбек Бекшиннің орнына келген. Бірақ қыркүйек айында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне ауыстырылды. Ал Ерлан Қиясов бас санитар дәрігер болып тағайындалған. Жақында Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды. Осылайша, бір жарым жылдан кейін Айжан Есмағамбетова қайтадан бас санитар болып тағайындалып отыр.