Украин олигархтары мен бизнесмендері чартерлік рейстермен Украинадан кетіп жатыр

Украин олигархтары мен бизнесмендері чартерлік рейстермен Украинадан кетіп жатыр, тек жексенбі күні Киевтен 20-ға жуық чартерлік және жеке ұшақтар шықты, – деп хабарлайды “Украинская правда”. Басылымның мәліметінше, 6 жыл ішінде мұндай көлемде чартерлер ұшпаған. Жексенбі күні Украинадан шыққан чартерлер мен жеке ұшақтардың арасында Ринат Ахметов пен Борис Колесниковтің де ұшағы бар. 50 адамға арналған жеке ұшаққа оппозициялық депутат, миллионер Игорь Абрамович те тапсырыс берген. Дереккөз бұл ұшақ партия мүшелерінің туыстарын, сондай-ақ Абрамовичтің іскер серіктестерін Киевтен Венаға алып кеткенін айтқан.