Қазақстанда бизнестің барлық санаттағы субъектілері жыл соңына дейін жаңа жоспарлы салық тексерістерінен босатылды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге үш жылға мораторий енгізілді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салық тексерістері жүргізілмейді”, – деді Дәленов.