Қазақстандықтар масканы дұрыс тақпай жүр

Республиканың бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова медициналық масканы иекке тағу коронавирустан қорғамайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бір метрден кем емес арақашықтық сақтап, барлық жабық нысан ішінде маска тағу қажет екендігін ескерткен Есмағамбетова азаматтардың масканы дұрыс тақпай жүргенін атап өтті.

“Адамдар көп жағдайда масканы иегіне тағып алады. Құрметті қазақстандықтар, масканы иекке тағу сізді коронавирустан қорғамайды. Маска бет пен мұрынды жауып тұруы қажет”, – деді Есмағамбетова.