Ол бұл қызметке Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен тағайындалды. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды. Екі жылдан астам партияның Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды.