Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді. “Олимпиада аяқталғаннан кейін Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткіземіз. Сонда қысқы ойындардың қорытындыларына сай кадрлық өзгерістер болады. Нақты тұжырым жасалады”, – деді Абаев “Қазмедиа” орталығында журналистерге. Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасына Қазақстан атынан барған 34 спортшының бірі де әлі жүлделі орынға қол жеткізе алмады.