1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді, деп хабарлады партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов. “Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірден делегаттар қатысады. Орталық аппарат филиалдармен бірге дайындық жұмыстарын бастады”, – деп хабарлады Асхат Оралов Facebook желісінде. Съезд барысында партия жұмысын одан әрі жаңғыртудың басым бағыттары талқыланады.