Атырауда облысында 7 баласы бар әйелді 8 жерінен пышақтап өлтірген жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқиға былтыр қараша айында Құлсары қаласында болды. Жергілікті баспаханада тазалықшы болып жұмыс істейтін 35 жастағы келіншек танысының атына несие алып, оны төлей алмай қалған. Салдарынан несие алушымен арада дау туындайды. Несие алған жігіт ақыры ашынып, оны пышақтап тастаған. Кейін жәбірленуші алған жарақатынан қаза тапты. Ал кінәлі азамат полиция бөлімшесіне өзі келіп, қылмысын мойындады. Кейін қылмыс жасаған пышақты да тауып беріпті. Бүгін осы оқиғаға қатысты облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімі шықты. Қылмыстық істі жан-жақты сараптаған сот күдіктіге 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.