Оның мөлшері 50 процентке дейін төмендетіледі деп мәлімдеді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр. «Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль көлігі мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлері бойынша көрсеткіш 50 пайызға төмендетіледі», – деді Роман Скляр. Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет “ӨКМ Операторы” ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім шығарылды.