Министрлік Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты шындыққа жанаспайтынын айтты. «Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада. Бұған дейін желіде соңғы үш жылдан бері ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді. Telegram-арналарында оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылған.