Атом электрстанциясын Ресей әскері атқылады. Украина сыртқы істер министрлігі осылай деп хабарлады. Оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар қызметі нысанның бір блогын энергожүйеден ажыратқан. Өрт сөндірушілер шабуылға байланысты қызыл жалынды ауыздықтай алмай отыр. Апат ауданында радиация деңгейі қалыпты. Бірақ жағдай күрделі екені айтылады. Себебі жарылыс қауіпі бар. Ахуалға байланысты Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды.