Шымкентте көп қабатты тұрғын үйдің ауласынан тастанды бала табылды. Жауапсыз ана жаңа туған сәбиін балалардың ойын алаңына қалдырып кеткен. Сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар нәрестені дереу жедел жәрдем қызметінің саll-орталығына жеткізді. Мамандар аса ауыр жағдайдағы сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, балалар ауруханасына жатқызды. Нәрестенің салмағы 3 келі 200 грамм. Ал бойы 50 см. Дәрігерлер сәбиге суық тигені болмаса, өміріне қауіп жоқ, дейді. Полиция департаментінің қызметкерлері көкек анаға іздеу жариялап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.