Ол қазір қаңтар оқиғасына қатысты алдын ала қорытындылар дайын екенін айтты. “Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді”, – деді Президент парламент палаталарының бірлескен отырысында. Тоқаевтың халыққа Жолдауы республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.