Мемлекет басшысы сенаттағы президенттік квотаны қысқартты

“Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым. Біз Мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастаймыз, бұл, менің ойымша, саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, Мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды”, – деді президент. Ол шамадан тыс президенттік өкілеттіктерден бас тарту – елдегі саяси жаңғырудың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болатынын мәлімдеді.