Ол президент өкілеттігін заңды түрде қысқартуды тапсырды. Мемлекет басшысы партия қатарынан шығатынын мәлімдеді. “Президенттің міндетін заңды түрде рәсімдеп, өкілеттігін атқару кезінде партиядағы мүшелігін тоқтатуды ұсынамын. Осы норма саяси бәскелестікті арттырады. Барлық партияға бірдей жағдай жасайды. Соның арқасында біз елдің болашақ көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өз ыңғайына жығуға деген қызығушылықтан құтқарамыз”, – деді Тоқаев халыққа жолдауында.