“Отбасы банк” enpf-otbasy.kz платформасының істен шығуына қатысты түсініктеме берді. Соның салдарынан қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ипотека алуға немесе төлем жасауға өтінім бере алмай отыр. Жақында әлеуметтік желі қолданушылары сайтқа кіріп, өтініш бере алмай отырғанын жазды. Банктің баспасөз қызметі жүйенің істен шығуы туралы ақпаратты растады және мамандандырылған бөлімшелер келіп түскен өтінімдерді жеке-жеке пысықтап жатқанын хабарлады. Айта кетейік, зейнетақысын бұрынғы жеткіліктілік шегімен пайдаланғысы келетіндер 29 наурызға дейін өтінім беруі керек.