АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қосымша қару-жарақ жіберетінін мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда, Вашингтон Киевке әуе қорғанысын қамтамасыз ететін Stinger зенит-зымыран жүйесінің 800 данасын, 2 мың Javelin, танкілерге қарсы 7 мың техника, 100 әскери дрон, 100 граната атқыш, 5 мың винтовка, 400 пулемет және өзге де қару-жарақ түрлерін жібереді. “Бұл ұзақ әрі күрделі шайқас болуы мүмкін. Бірақ Путиннің бейбіт халыққа жасаған әділетсіз шабуылына ұшыраған Украина халқын Америка қолдайды” деді Байден.