16 наурызда Петропавл әуе айлағы сатылымға шығарылды. Өтінімдер 15 күн бойы қабылданады. Әуежайдың бастапқы құны – 5,6 миллиард теңге, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Біздің әуежай министрліктер қарамағында, яғни мемлекеттік меншікте болды. Одан ары кәсіпорын банкротқа ұшырады, әкімдік барлық мүлікті осы кәсіпорыннан сатып алды. Енді әкімдік осы мүліктік кешенді бәсекеге қабілетті ортаға беру үшін әуежайды жекешелендіріп, сенімгерлік басқаруға беруге тырысып жатыр. Яғни, нысан инвесторды қызықтырса, онда даму және инвестициялар бойынша шарттар жасалады, сөйтіп, ол сауда-саттыққақатыса алады”, – деді әкімдік өкілі.