Шаһар атын өзгерту қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында талқыланды. Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныс түскен. Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған. Осы ретте соңғы шешімді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек. Еске салайық, Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұл бастаманы қолдаған болатын.