Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының басшысы болды

Бұл туралы партия баспасөз қызметі хабарлады. Оның кандидатурасы кезектен тыс съезд барысында ұсынылды. Кандидат бірауыздан мақұлданған. Бұрынғы басшы, ҚХП парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды.