Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі күн бойы ауырып жатқанын хабарлап, желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды.
Олар өнер иесінің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын болжауда. Белгілі әзілкеш өз кезегінде COVID-19 вирусына тест тапсыруға мүлдем құлықсыз болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов Алматыға жақында ғана Түркістан облысынан демалыстан оралған болатын. Белгілі актер ол жақта екі апта бойы бірінші некесінде туған балаларымен уақыт өткізген.