Петропавлдағы әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері 17 млн теңгеге бір келі макарон сатып алмақ болған. Мемлекеттік тапсырыстағы қаржылық құйтырқылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері анықтады. Олардың араласуынан кейін оның бағасы 250 теңгеге төмендетілді. Ал Айсары ауылдық округінің әкімдігі көмірдің бір тоннасын 900 мың теңгеге бағалаған. Құзырлы орган мамандары мемлекеттік сатып алу порталын үнемі тексеріп, осындай деректерді дер кезінде тоқтатады. Жалпы бірінші тоқсанда 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді.