Биыл – Жеңіс күніне арналған әскери парад тағы да болмайды

Биыл елімізде әскери шеру тағы да болмайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған 2022 жылы әскери шеру өткізілмейді, — деп хабар таратты Қорғаныс министрлігі. Еліміздегі соңғы рет әскери шеру 2018 жылы 7 мамырда өткен.