Қаңтар оқиғасы: бүлінген көліктерге 258 млн теңге төленді

Алматы әкімдігі Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген немесе жанып кеткен көлік иелеріне 258 млн теңге төледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазіргі уақытта аудан әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түскен. Соның тең жартысы қанағаттандырылды. Тағы 45 өтінім қаралып жатыр. Оларға өтемақы 15 мамырға дейін беріледі деген жоспар бар. Қосымша өтінімдердің түсуіне қарай аудандық әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жалғастырады. Арыз бір ай қаралады. Мүлікке келтірілген шығынды тәуелсіз сарапшы анықтайды. Оны зардап шегуші өзі таңдайтын болады.