Кімдердің жалақысы өседі?

Бюджет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жатқан 1 миллионнан астам өндірістік қызметкердің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттен қолдау алатын кәсіпорындардағы 2,8 миллион азаматтың да еңбекақысын өсіру көзделген. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендер үшін 2 миллион жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жоспар экономиканың түрлі саласындағы инвестициялық жобалардың арқасында орындалмақ.