2022 жылдың 1 мамыр күнгі жағдай бойынша, жыл басынан бері өзге елдерден 4 502 қазақ Қазақстанға оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында айтылады. 1991 жылдан бері шетте жүрген 1 миллион 92,4 мың қазақ тарихи отанына оралған. Биыл қандастардың көбі Өзбекстаннан (68,2%) келген. 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% –Моңғолиядан және 9,2% келген. Олар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сонымен бірге Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанған.