“Мәселе талқыланады. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Бұл мәселені тек кеншілер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр”, – деді Тоғжанов. Оның айтуынша, жыл соңына дейін БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әлеуметтік кодекс аясында зейнет жасы туралы мәселе талқыланады. “Бүгінде әйелдердің зейнетке шығудың орташа жасы 2027 жылға дейін 60-61 жас деңгейінде. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Әлі талқылаймыз”, – деп түйіндеді Тоғжанов.