Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында Алматыдағы жекеменшік мектептердің біріндегі буллинг туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Одан бөлек, балалар сабақ кезінде жыныстық қатынас жайлы бейне көріп отырған, ал мұғалім оларды байқамаған сыңай танытуына тура келген. Видеоны жіберген әйелдің сөзінше, бірнеше оқушы, оның ішінде өзінің ұлы да сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған. Смаилова жәбірленуші оқушы басқа мектепке ауысып кеткен, бірақ әлі күнге дейін психологпен жұмыс істеп жатқанын айтты. Видео 2022 жылдың қаңтарында 10-сынып оқушыларының кабинетінде түсірілгені анықталды. Бірақ видео енді тарағандықтан ел назарына іліккен. Бұл дерек бойынша 26 қаңтарда лицей басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.