Ресми Мәскеу егер Ресей мен НАТО әскери қақтығысқа барса ядролық соғыс қаупі төнетінін тағы да мәлімдеді. Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің айтуынша, Украинаға қару жіберу тікелей қақтығысқа итермелеуі мүмкін. Батыс техникасын қолдануға дайындау және Ресей шекарасына жақын жерде Альянс елдерінің әскери жаттығу өткізуі тікелей қақтығыс ықтималдығын арттырады. Бұл өз кезегінде ядролық соғыс қаупін тудырады, бұл барлығымыз үшін апатты сценарий болады, деді Медведев.