Алматы облысында карантин күшейтілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қайрат Баймұхамбетов айтты деп хабарлайды ktk.kz.
“Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын-жайда және 50-ден астам адамға арналған жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады. Стационарда жоспарлы емдеуге жатқызу, жоспарлы иммундау, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады.
Дәрігерлердің жоспарлы қабылдауы, консультациялары қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады. ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының жұмысы онлайн форматқа өтеді” деді Қайрат Баймұхамбетов. Онлайн-форматта жұмыс істемейтін мекемелерде алдын ала жазылу арқылы, электрондық кезекпен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қызметтер көрсетіледі.