Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қатысқысы келетін қазақстандықтардың автосалондардағы кезегіне қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Халықтан дүрбелең салмауды сұраймыз. Қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде осы бағдарлама бойынша көлік таңдап, тапсырыс беруге келген адамдар бар. Әрине, солай істеуі керек. Тек бағдарламаға қатысатын банктер өтініштерді қабылдауға дайын болғанын күту керек. Олар автокөлікке тапсырыс берген барлық адаммен байланыста. Кезегі келген кезде азаматтарға көлігін алып кетуге болатыны хабарланады”, – деді Мақашева. Ол бағдарлама ашық жұмыс істейтініне және автосалондардағы көліктер кезегінде “алаяқтық” болмайтынына сендірді.