Алматы облыстық полиция департаменті осылай деп хабаралады. Ақпарат бойынша, көкпар тартқан алты адам ұсталды. “Олар қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қатер төндірді, материалдық залал келтірді. Олар “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. “Көлік құралдарына кедергі келтіргені үшін” де жазаланды”, – деді аймақтық ПД баспасөз қызметіндегілер.