Биыл Испания 45 млн туристі қабылдайды

Бұл туралы туризм министрі Рейес Марото баспасөз мәжілісінде айтты. Туризм саласы Испанияның ІЖӨ-нің 12 процентіне тең. Коронавирус пандемиясы салдарынан 2020 жылы Испания 80 процент туристерінен қағылған болатын. Енді елде карантиннің қатаң шаралары толығымен алынып, туристер үшін шекара ашылды. Барселона ғана емес, Испанияның барлық қаласы қызу дайындық үстінде. Испанияға ұшып келуші туристер үшін паспорт вакцинация қатаң талап етілмейді. Егер сіз ұшып келе жатқан мемлекетте вирус жұқтыру 100 мың адамға 25 мыңнан келсе ғана кеден қызметкерлері вакцинация құжаты талап етуі мүмкін.