Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының басшысы болды

Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Ербол Бұхарбаев хабарлады. Ал федерацияның құрметті президенті ретінде Нұртай Әбіқаев тағайындалды. Айта кетейік, Тасмағамбетов 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі, 1995-1997 жылға дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ түрлі уақытта Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және Президенттің бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған. Ал 2019 жылдың желтоқсанында Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған еді.