Лауазымды тұлғалар танкіге ескі қозғалтқыш қою арқылы 1 млрд теңгені жымқырған. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған. Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Сүлейменов танкілерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды» делінген хабарламада. Семей қаласы сотының үкімімен Сүлейменов айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.