Бүгінде еліміздегі балалардың 15%-і осы вейп тартуға құмар. Егер Мәжіліс осы ұсынысты қолдаса, темекіге теңестірілген вейптердің саудасы шектеледі. «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы көшбасшысы Жәмиля Садықова осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы он жылда Қазақстанда темекі өндірісі екі есе қысқарды. Темекі құны қымбаттағаннан кейін тұтынушылар да азайды. Дегенмен қазір вейбтер мен қыздырылатын табак тұтынушылары көбейген. Ұлттық коалициясы көшбасшысының айтуынша, Вейп EVALI ауруын тудырады. Вейп арқылы қыздырылған сұйықтық өкпеге түседі. Ол өкпені күйдіріп қана қоймай, ішінде жиналып, өкпе біртіндеп істен шығады. Мұндай науқастарды тек өкпе трансплантациясы құтқаруы мүмкін немесе өкпенің зақымданған бөлігін алып тастау керек болады. Халықаралық зерттеулер осыны көрсетті.