ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министр қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты екенін айтты. “Биыл 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласына “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” 2 вагон қант (шамамен 130 тонна) келіп түсті. Ал 30 мамырда Нұр-Сұлтанға келген қантты Magnum сауда желісі сатып алды, ол бөлшек сауда орындарына жеткізіліп жатыр”, – деді министр.