ОРК: Дауыс бергендердің 77,1 пайызы конституцияға енетін өзгерістерді қолдап, 18,6 пайызы қарсы болды

Нұр-Сұлтанда Орталық референдум комиссиясы баспасөз жиынын өткізіп, референдумның қазірге дейінгі қорытындысын жариялады. Комиссия мәліметіне қарағанда, референдумға Қазақстанның дауыс беруге құқығы бар азаматтарының 68,06 пайызы қатысқан. Оның 77,18 пайызы Қазақстан конституциясына енетін өзгерістерді қолдаған, 18,66 пайызы “жоқ” деп дауыс берген. Комиссия статистикасына қарағанда, конституциялық өзгерісті ең көп қолдаған өңір – Нұр-Сұлтан қаласы. Дауыс берген қала тұрғындарының 79,59 пайызы өзгерісті қолдаған, 14,65 пайызы қарсы болған. Өзгерісті ең аз қолдаған өңір – Алматы қаласы. Алматы тұрғындарының 65,22 пайызы қолдап, 27,41 пайызы “жоқ” деп жауап берген.