Алматы облысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. Тергеу мәліметі бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған. “ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.