Атырау тұрғыны үш милиион теңге айыппұлы бар көлік сатып алған

Автокөлік иесі мұны жол полициясы тоқтатқанда бір-ақ білген. Ол “Toyota Highlander” көлігін 2-3 күн бұрын ғана сатып алыпты. Атырау полициясы Грузия елінде тіркелген темір тұлпардың 106 рет жол ережесін бұзғанын анықтаған. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды. “Көлік айыппұлды толық төлегеннен кейін ғана қайтарылады. Полицейлер көлік сатып аларда алдын-ала құжаттарды тексеруді сұрайды”, – деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.