Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасында жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға Абай ауылынан 4 шақырым жерде, «Алтынтау Көкшетау» алтын өндіру компаниясының аумағында болды. Жұмыс уақытында 48 жастағы жұмысшыға салмағы бір тоннаға жуық қап құлады. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болды. Қазір оқиға орнында полиция мен еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жұмысшы өліміне қатысты тергеу басталды. Бұл осы алтын өндіру фабрикасында болған алғашқы оқыс оқиға емес. Фабрикада бұған дейін де бірнеше адам өндірістік жарақат алып, мерт болған.