Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. Руслан Кеңесарыұлы Сәкеев еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған. 2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Әр жылдары жеке меншік секторда жұмыс істеген. 2021 жылдың қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған.