Назгүл Сағындықова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. Назгүл Сағындықова еңбек жолын 2001 жылы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.Ал 2020 жылдың қарашасынан бастап президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі – президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.