“Қазақстанда орыс тілінің позициясы тарылды, қысымға ұшырады деп жар салатындар ақиқатқа қарсы шығып жатыр. Мұның бәрі жағдайды саясиландыру мақсатында айтылған сөздер. Мен мұның қандай мақсатпен жасалатынын білемін. Жалпы Қазақстанда орыс тілінің позициясы нашарлаған жоқ. Мен бұған сенімдімін”, – деді Тоқаев. Ол орыс тілінде білім беретін мектептер сол көлемде қалғанын, бірақ қазақ тілінде білім алуға сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. “Мұны да ескеру керек. Өйткені мемлекет атауының өзінде “қазақ” деген сөзі бар. Біз қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың мүддесін қорғауымыз керек. Балаларды қазақ мектептеріне беру керек. Бұл жерде бәрі түсінікті. Біз қазақтарға орыс тілінсіз өте қиын болатынын түсінеміз. Яғни географиялық жағынан. Мен бұған дейін Ресеймен ең ұзын шекара бізде екенін айттым. Біз Құдай қосқан көршіміз. Қазақтар орыс тілін жақсы меңгеруі керек. Бірақ өз ана тілін де білуі керек”, – деді мемлекет басшысы.