Қарағандыда нөсер жаңбыр салдарынан мектеп шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24». Төтенше жағдай №50 орта мектепте болған. Спорт залының төбесі құлады. Зардап шеккендер жоқ. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 60 жылдық тарихы бар мектепте бұған дейін апатты жағдай тіркелмеген. Айта кетерлігі, ғимарат жоспарлы жөндеуде тұрған.