Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары өмір сүру бойынша әлемдегі ең қымбат қалалар қатарына енді. Рейтинг 2022 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша түзілген, деп жазды Numbeo сайты. Сайт әлемдегі ірі қалаларда өмір сүру құны туралы ақпаратты жинақтаған. Рейтингке барлығы 510 қала кірді. Өмір сүру құнының индексін есептеу үшін сарапшылар Нью-Йорктің негізгі көрсеткішін пайдаланған. Өмір сүру құнының индексі бойынша Алматы 466-орында, ал Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы 475-орында тұр. Тізімде бірінші болып Бермуд-Гамильтонның әкімшілік орталығы орналасқан. Айта кетейік, өмір сүру құны бойынша үздік 10 қалаға Швейцария мен АҚШ қалалары кіріп отыр.