Ондағы өрт 17 ғимараттың күлін көкке ұшырған. Өртке үйлердің тығыз орналасуы себеп болған. Ол аздай жалынның тез таралуына жел мен құрғақ ауа райы да әсер еткен. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Алакөлдегі жағдай бойынша қылмыстық іс қозғаған. Барлық қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Өртке кінәлі адам анықталса, оған материалдық залалды қалпына келтіру міндеті жүктеледі.