Алматы облысы Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдіктілер анықталды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 1992-1999 жылы туған үш күдікті қамауға алынды. Олардың бәрі жергілікті тұрғындар және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Еске салайық, 23 шілдеге қараған түні Есік тұрғындары қала көшелерінен мылтық даусын естіген. Тексеруден кейін полиция 18 және 30 жастағы екі ер адамның оқ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілгенін анықтады. Кейінірек зардап шеккендердің бірінің қаза болғаны белгілі болды.