Қызылорда облысында шенеунік 10,6 жылға сотталды

Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, – деп хабарлайды Антикор. “Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімі бойынша, Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды”, – делінген хабарламада.